Конькимен жүгіруден әлем кубогінде Қазақстан командасы үздік үштікке енді

821

Роман Креч, Станислав Палкин, Артур Галиев және Артем Крикунов төрттігі 14 команда арасынан 9-сатыға тұрақтады.

Конькимен жүгіруден әлем кубогінде Қазақстан командасы үздік үштікке енді

Жапонияның Нагано қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогінің төртінші кезеңі өтіп жатыр. Командалық спринтте қазақстандықтар 9-шы орын иеленді, деп жазады Olympic.kz. 

Роман Креч, Станислав Палкин, Артур Галиев және Артем Крикунов төрттігі 14 команда арасынан 9-сатыға тұрақтады. Төртінші кезеңде Ресей құрамасы топ жарса, Жапония мен Канада күміс пен қоланы еншіледі. 

Ал әлем кубогі төрт кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан командасы үшінші орын иеленді. Біздің құрама еншісінде 290 ұпай бар. Осылайша, Дмитрий Бабенко баптайтын Қазақстан құрамасы жекелеген қашықтықтар бойынша әлем чемпионатына жолдама алды. 

Жалпы командалық есепте Нидерланд құрамасы 440 ұпаймен көш бастады. Екінші орында 316 ұпай иеленген Швейцария құрамасы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу