Константин Сыроежкин Қазақстан азаматтығынан айырылды

922

Жазасын өтеп болғаннан кейін, ғалым елден шығарылады. 

Константин Сыроежкин Қазақстан азаматтығынан айырылды

Алматының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының үкімімен Сыроежкин кінәлі деп танылды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Үкім әзірге күшіне енген жоқ, сол себепті ғалымның адвокаттары оның кінәсіздігін дәлелдеу үшін жоғары инстанция соттарына жүгінуі мүмкін. Ал Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының үкіміне сәйкес, Константин Сыроежкин он жылға сотталып, Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылды.

"Ол қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді",– делінген Алматы қалалық сотының ресми хабарламасында.

Сондай-ақ, ғалым жазасын өтегеннен кейін, Қылмыстық кодекстің 51-бабына сәйкес, мәжбүрлі түрде елден шығарылады. Оған бес жыл бойы Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынады.

Константин Сыроежкин – саясаттанушы, шығыстанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы, профессор, Қазақстан саяси ғылымдары академиясының және Қазақстан әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Ол 2019 жылдың ақпанында қамауға алынды. Оған мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу