Көпір пайдалануға берілді

2422

Қазалы ауданында былтырдан бері жаңғырту жұмыстары жатқан көпір құрылысы аяқталды. 

Көпір пайдалануға берілді

Қызылорда облыстық жолаушылар кө­лігі және автомобиль жол­дары басқармасының мәлі­мдемесінде, Бекарыстан би мен Қожабақы ауыл тұрғындарының қатынас жолы кеңейген. Аудандық көлік жолының 25 шақырымындағы темірбетон көпіріне қайта жаңғырту жұмыстарын "Жылу-ХХІ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.

Ел-жұрттың қажеттілігіне тағы бір көпір желтоқсан айында берілмекші. Қызылорда қаласындағы "Шіркейлі" арнасына салынып жатқан көпір құрылысы бітсе, облыс халқы сол жағалаудағы жаңа аудан арқылы "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық дәлізіне тікелей шыға алатын болды.

Жалпы құны 840 млн теңгені құрайтын көпір құрылысын "Сервис НС" серіктестігінің жұмысшылары 45 дана арқалық орнатып, құрылыстың негізгі кұрылымын аяқтады. Бетон қадалары бұрғыланып, арнайы тіреулер мен ар­матуралық қаңқалары то­қылып, бетондалды.

Ұзындығы 100 метрден асатын төрт жолақты көпірдің жанынан жаяу жүргіншілер жолы да қарастырылған.

Аймақта жалпы 146 көпір мен 599 су өткелі бар. Сырдария өзенінде 7 қалқымалы көпір болса, қосымша 2 паром өткелі жұмыс істеп тұр.

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу