Korean Air елірген жолаушыны электр есенгіреткішпен жуасытпақшы

792

Korean Air елірген жолаушыны электр есенгіреткішпен жуасытпақшы

Оңтүстік кореялық Korean Air әуе компаниясы ұшақ бортында оқиғаларды болдырмау мақсатында электр есенгіреткіш қолдануға дайын екендігін мәлімдеді, деп жазады Ренхап ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған РИА Новости. 

Агенттіктің дерегіне сәйкес, электр есенгіреткішті пайдалану туралы шешім дүйсенбі күні Сеулдегі Korean Air білім беру орталығында құлағдар етілді. 

Әуе компанияның уәжі бойынша, жолаушылар мен экипаж өміріне, сонымен қатар сапардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төнген жағдайда ғана электр есенгіреткіштің көмегіне жүгінетін болады. 

Экипаждың барлық мүшесі ұшу кезінде тәртіп бұзғандарды осындай әдіспен тыныштандыруға үйретіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу