Кореяда қашып кеткен қазақстандық полицияға өз еркімен берілді

629

Кореяда іздеу салынған екінші қазақстандық азамат табылды. 

Кореяда қашып кеткен қазақстандық полицияға өз еркімен берілді Фото: Azattyq Ruhy

Инчхон әуежайынан қашып кеткен отандасымыз полицияға өз еркімен берілген, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Корея шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін іздеуде болған Қазақстанның екінші азаматы корей полициясына өз еркімен берілді. Қазақстан Елшілігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр және отандастарымызға қажетті барлық консулдық-құқықтық көмек көрсететін болады, - деп атап өтті Айбек Смадияров.

Бұған дейін, Корея Республикасына кіруге тиісті рұқсат алмаған Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кеткенін жазған болатынбыз.Кейінірек олардың бірін жергілікті полиция ұстаған, ал екіншісіне іздеу салынып, ұстап берген адамға 30 миллион вон сыйақы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу