16 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 375 адам короновирус инфекциясынан (15 449 КВИ+ және 3 926 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 163 пациент стационарда, 14 212 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 239 адамның жағдайы ауыр, 51 пациенттің жағдайы өте ауыр, 36 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ хабарламасында.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны тағы да артты, COVID-19-дың жаңадан 954 жағдайы тіркелді. Осы күнге дейін жұқтырғандар саны 225685-ке жетіп отыр. Оның ішінде 207371-ы жазылып шықты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу