Коронавирус медицина қызметкерлерінің кәсіптік сырқатына теңестірілуі мүмкін

721

Осы тұрғыда дәрігерлерге шығын өтеледі.  

Коронавирус медицина қызметкерлерінің кәсіптік сырқатына теңестірілуі мүмкін

Елімізде коронавирус дерті медицина қызметкерлерінің кәсіптік сырқатына теңестірілуі мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді. Оның айтуынша, науқас бекітілген ережеге сай келсе,  медициналық қызметкерлерге қатысты аталған ауру кәсіптік сырқат деп саналуы керек. Ал кәсіптік сырқат болғандықтан, әр жазатайым оқиғаны тиісті мекеме тексеруі тиіс. Сәйкесінше, әрбір жағдай бойынша қызметкерлерге біржолғы төлем емес, шығынды өтеу ескеріледі. Осы орайда ол екі апта бұрын Еңбек министрлігінде қоғамдық тыңдау болғанын, онда хаттамалық түрде Денсаулық сақтау министрлігінде тиісті жұмыс тобын құру тапсырмасы берілгенін айтты. Бұл жұмыс тобы COVID-19-ды кәсіптік сырқат санатына енгізу мәселесін қарастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу