Коронавирус жұқтырған 203 адамның жағдайы нашар – министрлік

627

24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.  

Коронавирус жұқтырған 203 адамның жағдайы нашар – министрлік

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 882 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 464 бала бар. Стационарларда 2 970 науқас жатыр. 5 912 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 203 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 23 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу