Коронавируспен ауырғандарға вакцина 6 айдан кейін салынады

1198

Елімізде осы уақытқа дейін 823 498 адамға коронарувирсқа қарсы екпенің бірінші компоненті, 132 603 адамға екінші компоненті салынған.  

Коронавируспен ауырғандарға вакцина 6 айдан кейін салынады

СОVID-19 вирусымен ауырған қазақстандықтарға вакцина 6 айдан кейін салынады. Бұл туралы ҚР ДСМ ҚДСҰО "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

"Коровирувирсқа қарсы екпенің бірінші компоненті созылмалы ауруы бар 32 314 адамға, екінші компоненті 8 397 адамға егілді", - деді директордың орынбасары ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, СОVID-19-дың кез-келген түрімен ауырып жазылған адамдарға вакцина 6 айдан кейін салынады. Екпені алғаннан кейін адамда 1 жыл вирусқа қарсы иммунитет, ал коронавирустан айыққан адамда антидене 6 ай болады.

"Вакцина алғаннан кейін денеде коровирустан қорғайтын антиденелер ұзақ бөлінеді. Мұнда антиденелер екпенің екінші компонентін салғаннан кейін көп пайда болады. Сондықтан вакцинаның бірінші дозасын алғандар иммундау курсын толықтау аяқтауы шарт. Себебі, екінші доза біріншісінің әсерін күшейтіп, адам ағзасындағы антиденелер саны өседі", - деді Манар Смағұл.

Ол вакцинаның бірінші компонентін алған адам СОVID-19-бен ауырмаса, екпенің екінші компонентін 2-3 аптадан кейін алатынын жеткізді.

"Гам-Ковид-Вак (Спутник V) вакциналары мен Qaz-Vac қазақстандық екпесі ауруды қоздырмайды. Олар жансыз вакциналар болып саналады", - деді басшы.

Манар Смағұл елімізде коронивирусқа қарсы вакцинаны алғаннан кейін жағдайы нашарлаған адамдар болмағанын жеткізді. Тек екпені салғандардың 0,4%-ында қызару, инъекция орнындағы ауырсыну, температура мен қысымның жоғарылауы және тағы басқа белгілер байқалған. Алайда бұл белгілер бірнеше күннен кейін басылған.

"COVID-19-ға қарсы вакцинациядан кейін иммун тапшылығы бар пациенттерде (шашыраңқы склероз, ревматоидты артрит, қызыл жегі) қатерлі ісік және тағы басқа аурулар пайда болмауы мүмкін. Ағзаның генетикалық ерекшелігін ұмытпау керек. Статистика бойынша кез келген ауруға қарсы екпе алған адамдардың 10%-ында антиденелер өндірілмейді", - деп толықтырды ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу