Коронавирустан қайтыс болғандардың 90%-ы егде жастағылар – ДСМ

967

Дәрігердің айтуынша, дерттен қайтыс болғандардың 60%-ының басқа да аурулары болған.

Коронавирустан қайтыс болғандардың 90%-ы егде жастағылар – ДСМ

Коронавирустан көз жұмғандардың 90%-ы егде жастағы науқастар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс инфекционист-дәрігері Бақыт Көшерова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның пікірінше, коронавирус инфекциясымен күресудің ең тиімді жолы – вакцинация. 

"Дәл осы вакцинацияның арқасында адамның иммунитеті түзіліп, ол жұқпалы ауруларға қарсы тұра алады", - деді профессор орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Бақыт Көшерова Қарағандыдағы медициналық университеті Қазақстанда болған өлім-жітім жағдайларына қатысты зерттеу жүргізгенін жеткізді.

"Зерттеуге сәйкес, СОVID-19 вирусынан қайтыс болғандардың 90%-ы 60 жастан асқан науқастар. Сондай-ақ коронавирустан көз жұмғандардың бірқатарында артериялық гипертензия дерті болған яғни қосымша ауруы болған (66%). Олардың шамамен 50%-ы артық салмақтан, 40%-ы жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабетінен зардап шеккен. Жалпы аурудан көз жұмғандарың 60%-ында екі немесе одан да көп қосымша дерті болған, - деді маман.

Ол СОVID-19 вирусымен ауырғандар арасындағы ең әлсіз топ егде жастағы адамдар екенін атап өтті.

"Сондықтан олар міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдыруы қажет", - деп түйіндеді сөзін Бақыт Көшерова.

Айта кетейік, осыған дейін қанша адам екпе салдырудан бас тартқаны хабарланған еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу