Коронавирустың "ұлыбританиялық" штамы жастарға көбірек жұғады

938

Былтыр күзде Ұлыбританияда коронавирустың мутацияға ұшыраған жаңа түрі тіркелгені белгілі. Вирустың бұл түрі Қазақстанға келу қаупі бар ма?  

Коронавирустың "ұлыбританиялық" штамы жастарға көбірек жұғады

Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов жауап берді.

"Коронавирустың мутацияға өзгерген түрі Қазақстанда әзірше тіркелген жоқ. Бірақ аурудың ауа-тамшы жолдары арқылы таралатынын ескере отырып, оның елімізге келу қаупін мүлде жоққа шығаруға болмайды", – деді ол брифингте.

Бұл вирус Аустралия, Дания, Италия, Исландия, Нидерланд, Ресей және басқа да көптеген елде анықталғаны белгілі. Бұл індеттің қармағына жастар көбірек ілінеді екен. Дегенмен де вирустың жұғу деңгейі, феномені әлі де зерттеліп жатыр, дейді Е.Қиясов.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу