Қос полиция қызметкері "Айбын" орденімен марапатталды

1115

Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы ІІ дәрежелі, Абдықанов Дастан Маратжанұлы ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

Қос полиция қызметкері "Айбын" орденімен марапатталды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен блокпоста қызметін орындау кезінде орын алған қайғылы оқиға салдарынан көз жұмған екі полиция қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Құжат мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды:

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсене қатысқаны үшін наградталсын:

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен

Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы;

ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен

Абдықанов Дастан Маратжанұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің полицейі.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  

                 Президенті                                                                                  Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 26 мамыр

                № 339"

Еске салсақ, екі полицейдің өмірін қиған қайғылы оқиға 25 мамыр күні орын алған еді. Мас күйінде көлік айдаған жүргізуші патрульдік полиция көлігін соғып, салдарынан екі полиция қызметкері көз жұмды, ал үшіншісі ауруханада жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу