Қостанай облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты

435

Жыл басынан бері Қостанай облысында жолда 41 адам қаза тапты. 

Қостанай облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты Фото: pixabay.com

30 шілде күні кешке Қостанай-Введенка автожолында жол апаты болып, онда төрт адамнан тұратын отбасы қаза тапты: жүргізуші және үш жолаушы, олардың екеуі балалар, деп хабарлайды Inbusiness.kz  "Алау" сайтына сілтеме жасап.

28 жастағы "Мерседес" автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, ВАЗ-2110 көлігімен соқтығысқан.

"ВАЗ" жүргізушісі мен үш жолаушы, олардың екеуі кәмелетке толмағандар, оқиға орнында қаза тапты.

Полицияның хабарлауынша, ҚР ҚК-нің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды - "екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу".

"Осы жылдың басынан бері облыс жолдарында 41 адам қаза тапты. Қостанай облысының полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады", - делінген ПД хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу