Қостанай облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

661

Оқиға 24 мамыр күні сағат 14:40-та Құсмұрын-Тобыл учаскесінің Қазанбасы-Апановка бағытында болған.

Қостанай облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қостанай облысында Қазанбасы-Апановка бағытында жүк пойызы рельстен шығып кеткен. Оқиға кеше сағат 14:40-та Құсмұрын-Тобыл учаскесінің Қазанбасы-Апановка бағытында болған.

"Жүк пойызының қозғалысы кезінде машинист локомотив манометрінің деректері бойынша вагондар арасындағы ауа қысымының төмендеуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданды. 23 вагонның рельстен шығып кеткені, рельстің түйіспе желісі, теміржол тірегінің зақымданғаны анықталды", – деп жазылған ведомствоның ақпаратында.

Белгілі болғандай, вагондар бос болған. Локомотив сағатына 68-70 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатқан. Учаскедегі белгіленген жылдамдық – сағатына 70 шақырым. Қазіргі уақытта осы факті бойынша комиссия құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу