Қостанайда "КазБелМаш" БК 2016 жылы комбайндар өндірісін 39%-ға арттырады
"КазБелмаш" Қазақстан-Беларусь біріккен кәсіпорны 2016 жылы 320 комбайн шығаруды көздеп отыр. Бұл өткен жылғы межеден 39%-ға артық, делінген облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы таратқан хабарламада.
Ал 2017 жылы 510 комбайн құрастыру жоспарда бар. Кәсіпорын бірлесе өндіру үшін өндірістік қуатын арттыруды ойластырып отыр. Осы арқылы жергілікті өнімнің үлесін көбейтіп, Қазақстанда өндірілетін өнімнің қатарын толтырмақшы. Мәселен, 2017 жылы күріш оратын комбайн шығару жоспарда бар.
Айта кетейік, Қазақстан-Беларусь біріккен кәсіпорны 2011 жылы Қостанайда комбайн құрастыруды қолға алған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу