Қостанайда шекарашылар заңсыз аңшылық құрған ресейліктерді ұстады

858

Қостанайда шекарашылар заңсыз аңшылық құрған ресейліктерді ұстады

Қазақстан-Ресей шекарасында заңсыз аңшылықтың жолы кесілді. Қостанай шекара отрядының "Мағнай" шекара заставасының кезекші наряды  7 адамды ұстады, деп жазады alau.kz.

Ресейлік шекара аймағында ашатұяқтыларды аулауға рұқсат құжатсыз аңшылық құрған.

"Ресейдің 5 азаматы және Қазақстанның 2 азаматы ұсталды. Ұсталғандар "Митсубиши" и "ВАЗ-2114" көліктерін тізгіндеген. Көлікті тінту барысында 5 тегіс ұңғымалы мылтық, "Митсубиши" көлігінің жүк салғышынан еліктің еті табылды", – деп атап өтті ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Заң бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл факті Қарабалық ауданының құқыққорғау органдарына хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу