ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы тағайындалды

1114

Майра Мелдебекова 2018 жылдан бері Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы тағайындалды Фото: primeminister.kz

Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды  primeminister.kz.

Майра Мелдебекова 1971 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "Физика және информатика оқытушысы" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Қызылорда облысындағы "Жас сұңқар" пионер лагерінің тәрбиешісі болып бастаған. 

1993-2005 жылдары Шымкент қ., Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының орта мектептерінде қазақ тілі, математика және информатика пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 

2005-2018 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің жүйесінде басшылық қызметтерді атқарған. 

2018 жылдан бастап Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу