ҚР ҚМ Әскери медициналық орталығында мамандарды даярлаудың үздік халықаралық тәжірибесі енгізіледі

955

ҚР ҚМ Әскери медициналық орталығында мамандарды даярлаудың үздік халықаралық тәжірибесі енгізіледі

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Әскери медициналық орталығы үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес мамандардың әскери-медициналық даярлығын дамыту, жаңа оқу бағдарламаларын енгізу және өңірлік деңгейге шығу сияқты келешегі зор бағыттарды игеруде, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

 Аталған орталықта дөңгелек үстелдерден бастап тренингтер мен оқыту курстарына дейінгі әр түрлі пішімдегі тұтас кешенді іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Тәжірибе алмасу, жаңа жобалар жасау үшін Қазақстанның түкпір-түкпірі мен шет мемлекеттерден әскери медицина саласындағы мамандар шақыртылады.

Оның ішінде, ағымдағы жылы Алматы өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің хирургия саласындағы медициналық мамандарға арналған курстар ұйымдастырылған болатын. Оқытуды Швецияның халықаралық дәрежедегі бапкерлер, жетекші хирург мамандары өткізді. Аталмыш курста жаралыларды сұрыптау қағидаттары жеке тақырып ретінде зерделенгенін айта кеткен абзал. Бұл әскери медицина мамандары үшін аса маңызды тақырып болып табылады. Себебі, қарулы қақтығыстар жағдайында жаралылардың көп болуы кезінде медициналық көмек көрсету кезегін белгілеу қабылдауға мәжбүр ең күрделі шешім болып келеді.

Қазақстан Қарулы Күштері делегациясының Токио (Жапония) қаласында оқу орындар мен әскери-медициналық мекемелерді аралау кезінде ҚР ҚМ Әскери медициналық орталығы медицина кадрларын даярлау және жаңа оқу бағдарламаларын енгізу мәселелерін көтерген болатын. Бұл жерде қазақстандықтар әскери-медициналық мамандарды оқыту, сонымен қатар, ұтқыр далалық госпитальдерді пайдалану әдістемесін зерделеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу