ҚР омбудсмені: Қазақстан азаматтарынан денсаулығында ақауы бар балаларды асырап алу байқалмайды

1325

ҚР омбудсмені: Қазақстан азаматтарынан  денсаулығында ақауы бар балаларды асырап алу байқалмайды

ҚР-дағы адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың атына Астана, Алматы қалалары, Қостанай, Қызылорда және Атырау облыстарындағы балаларға арналған мамандандырылған медициналық мекемелерге бару қорытындылары бойынша үндеу салды.

Үндеуінде омбудсмен балалардың құқықтарын қорғауды жетілдіру бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың, жоғарыда аталған қалалар мен облыстардағы денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жүргізіп жатқан жұмыстарын атап өтті.

Сонымен қатар, мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша келіп түскен сәттен бастап өмір бойы осындай мекемелерде қалуға душар болатын тастанды және физикалық, ақыл-ой ауытқулары бар ауру балалардың тұрақты өсіп жатқан тенденциясы атап өтілді. Сондай-ақ, осындай балаларды асырап алу және отбасыларға орналастырудың баламалы нысандарын қолдану тәжірибесі (патронаттық тәрбиеге, қамқорлыққа және қорғаушылыққа беру) Қазақстан азаматтарынан байқалмайтынына назар аударылды. 

Омбудсмен шет елдердің оң тәжірибесін мысал ретінде көрсетеді, онда денсаулығында елеулі проблемасы бар балаларды асырап алу процесі кең тарағаны сонша, ел ішінен бөлек, шет елден де асырап алады. Мысалы, Испания азаматтары жылына Ресейден 40-қа жуық мүгедек балаларды асырап алады, Италия - 35, Германия - 20, Франция -10, АҚШ азаматтары РФ-да тиісті мораторий енгізгенге дейін - 100.

Адам құқығы жөніндегі уәкіл мониторинг жүргізу барысында Қазақстанда балалар үйінің қызметін реттейтін, нормативтік құқықтық құжаттың жоқтығы балалар үйінің қызметін айқындайтын құқықтык базаның жоқтығына ерекше назар аударды. Бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы маусымдағы № 228 "Балалар үйi қызметін ұйымдастырудың ережелерін" және "Балалар үйiне балаларды қабылдаудың және одан шығарудың ережелерін" Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі №206 бұйрығы бойынша өз күшін жоғалтқан. Содан бері жаңа ереже қабылданбаған.

Омбудсменнің пікірі бойынша, қаралған жұмыстардың нәтижесі бойынша бұл процесс барынша кеңейтілген қатысушыларды керек етеді. Қорыта айтқанда, уәкілетті орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдарымен, мүдделі үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-құрылымдарының қатысуымен ерекше қажеттіліктері бар балаларға ерекше бақылауға алу мен олардың лайықты өмір сүруі мақсатында қолдан келген шараларды әзірлеу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу