Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты

2293

10 жылға сотталған экс-шенеунік еркіндікке шықты.

Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты Фото: vlast.kz

Ұлттық экономика министрлігінің экс-басшысы Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты vlast.kz агенттігіне Бишімбаевтың отбасы мүшесі растаған.

Сондай-ақ, оның туысы Санжар Алтаев instagram әлеуметтік желісінде Бишімбаевтың бостандықтағы суретін жүктеген.

Еске сала кетсек, сот үкімімен экс-министрдің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталған еді. Сонымен қатар, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған. Осылайша сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыпталып, түрмеге тоғытылған бұрынғы шенеунік жазасын Астанадағы қауіпсіздігі жоғары бірден-бір мекеме – 166/10 түзеу колониясында өтейтін болған, алайда сотталушының  адвокаты мен ата-анасының өтінімі қанағаттандырылып, Шымкенттегі қауіпсіздігі орташа 167/3-ші жазасын өтеу мекемесіне ауыстырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу