Қуарып, солған көкөністерден жәрмеңке өтті

958

Жәрдем сұраушылар жәрмеңкесі.

Қуарып, солған көкөністерден жәрмеңке өтті Фото: inbusiness.kz

Жамбыл облысында осындай ерек шараны шығынға батқан шаруалар өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Балғын көкөністің орнына кәдімгі солған, қураған өнімдерін жұрт назарына ұсынды. Бүйтпеске шара жоқ. Өйткені облыстағы 10 ауданның 6-уы суармалы суға зәру. Әсіресе, Қордай мен Меркі ауданында жағдай тіптен ушыққан.

Қазірдің өзінде 1000 гектар қызылша қурап жәй тұр. Даурыққан диқандар қызықтың көкесі қазір емес, күзде қант қат  болғанда білінеді дейді.

Нұрлан Асқар анығын айтсын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу