Күн сайын 6-9 мың адам індет жұқтыруы мүмкін – Алексей Цой

1111

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәлімдеуінше, наурыз айында короновирус инфекциясы өршиді. 

Күн сайын 6-9 мың адам індет жұқтыруы мүмкін – Алексей Цой Фото: Максим Морозов

"Денсаулық сақтау министрлігінің болжау жөніндегі жұмыс тобы 2021 жылдың соңына дейін шектеу шаралары күшінде болғандағы эпиджағдайдың дамуына болжам жасады. Індетті жұқтыру деңгейі осы жылдың наурыз айының соңында көп тіркелуі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдайға дейін күтілуде, ал төсек қорының барынша қамтылуы 24 мыңға дейін жетуі мүмкін. Дегенмен мұндай сценарий кезінде қатаң карантин талабын енгізу жоспарланып отырған жоқ", – деді Алексей Цой Үкімет отырысында. 

Министр реалистік және пессимистік сценарий бойынша күн сайын 6-9 мың адам індет жұқтыруы мүмкін екенін айтты. 

"Бірінші кезеңде 2 млн адамды вакциналау эпидемияның дамуына оң әсер етеді. Біздің есептеуімізше, 2 млн адамды вакциналау тіркелген жағдай санын 40 мыңға азайтады. Тиісінше, вакцинамен қамту неғұрлым жоғары болса, КВИ-мен сырқаттану мен өлім-жітім азаяды, шектеу шаралары мен локдаунсыз өмірге оралу ықтималдығы артады. Пандемияның дамуының осы кезеңінде бүкіл әлем өзін-өзі оқшаулау мен карантинге жалғыз балама – вакциналау екенін түсінді", – деді Алексей Цой.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу