Құранды өртеу оқиғасы Швецияның НАТО-ға мүшелікке өтуін қиындата ма?

1089

Бұған  АҚШ-тың Мемлекеттік департамент өкілдері алаңдаушылық танытып отыр.  

Құранды өртеу оқиғасы Швецияның НАТО-ға мүшелікке өтуін қиындата ма? Фото: exclusive.kz

Стокгольмде қасиеті Құран кітабы осымен екінші рет өртелді. Бұл оқиға Швецияның НАТО-ға мүшелікке өтуіне кері әсерін тигізуі ықтимал, деп алаңдаулы мамандар.

"Діни мәтінді өртеу - менсінбеу, құрметтемеу және орынсыз әрекет. Бұл туралы біз бірнеше рет айттық. Дегенмен, Вашингтон Венгрия мен Түркияны Швецияның НАТО-ға кіруі туралы хаттаманы ратификациялауға шақыруды жалғастырады. Швеция өткен жылы Мадрид саммитінің аясында Финляндия және Түркиямен келісілген үшжақты меморандум бойынша өз міндеттемелерін орындады деп санаймыз", - деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз хатшысының орынбасары Ведант Пател.

11 шілдеде Вильнюсте шешуші саммит өтеді. Оның қарсаңында, НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Франция президентімен ресми кездесті. Эммануэль Макрон Түркия мен Венгрияны Швецияның одаққа кіруін қолдауға шақырады.

Ал, Швецияның Сыртқы істер министрі НАТО-ға кіру үшін Түркия қойған барлық талапты орындадық, дейді. 

"Үшжақты меморандум бойынша, терроризмге қарсы күрес - маңызды талаптың бірі. Террористік ұйымды насихаттайтын, нығайтатын немесе қолдайтын әрекеттерге қарсы жаңа заң күшіне енді. Осылайша, біз келісімнің соңғы тармақтарын орындадық", - деді Швецияның Сыртқы істер министрі Тобиас Билльстрем.

Ал, Түркия әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Еске салайық, Швеция 2022 жылдың 18 мамырында Финляндиямен бір уақытта НАТО-ға мүшелікке өтініш берді. Биыл 4 сәуірде ресми Хельсинки мүшелікке өтті. Ал, Швецияның Солтүстік Атлантикалық Келісім ұйымына қосылуы тікелей Түркия мен Венгрия қолдауына байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу