Құранды өртеу сөз бостандығы емес – Ердоған

1022

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Стокгольмді сынға алды. 

Құранды өртеу сөз бостандығы емес – Ердоған Фото: aa.com.tr

Түркия президенті Құранды өртеуге рұқсат берілгені үшін ресми Стокгольмге наразы және арандатушылық саясатына ермейтінін ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

"Біз батыстың тәкаппар адамдарына мұсылмандардың қасиетті құндылықтарын қорлау сөз бостандығы емес екенін үйретеміз. Түркия арандатушылық пен қауіп-қатер саясатына мойынсұнбайтынымызды анық айтқым келеді", - деді Режеп Тайып Ердоған. 

Еске салайық, кеше Швецияда Құран Кәрім өртелді. Ирак тумасы, 37 жастағы босқын бұл әрекеті арқылы сөз бостандығы бар екенін көрсетем деп ұмтылған. Швецияның НАТО-ға мүшелікке өтуі әлі шешілмей жатыр. Бұған Түркия қарсы. Себебі қаңтарда даниялық Расмус Палудан Стокгольмдегі Түрік елшілігінің алдында Құранды өртеп, түріктердің қарсылығын күшейтті

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу