Күршім ауданындағы өрт ауыздықталды

394

Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ.

Күршім ауданындағы өрт ауыздықталды Фото: ҚР ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданындағы таулы жерде шыққан өрттің таралуы тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күршім ауданының Құйған ауылдық округіндегі таулы жерді шарпыған өрт 6 шілде күні шыққан.

"7 шілдеде "Қазәуеорманқорғау" мекемесінің МИ-2 тікұшағы жағдайды бақылау үшін оқиға орнына ұшып шықты. Әуеден барлау нәтижесі бойынша өрттің жалпы ауданы шамамен 20 гектарға жететіні анықталды. Қазіргі уақытта өрттің таралуы тоқтатылды, жекелеген нүктелерде сөндіру жұмыстары жүргізілуде", - делінген ақпаратта.

Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Жалынды ауыздықтауға Үлкен Нарын және Күршім орман шаруашылықтарынан, ТЖД өрт сөндіру қызметінен және жергілікті атқарушы органдардан 100-ден астам адам мен 15 техника жұмылдырылған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу