Құрылыс компаниялары да ҚҚС төлейді: Баспана бағасы шарықтай ма?

181

Құрылыс компаниялары 23 жыл бойы ҚҚС жеңілдіктерін өз пайдасына пайдаланған, дейді депутат.  

Құрылыс компаниялары да ҚҚС төлейді: Баспана бағасы шарықтай ма? Фото: Владислав Воднев

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек осы уақытқа дейін құрылыс компанияларына беріліп келген қолдауды тізбектеп, қайран қалды. Айтуынша, бүгінде қарапайым халық үшін баспаналы болу қиын, себебі пайыздық мөлшерлемелер тым жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутат мемлекеттің 23 жыл бойы құрылыс компанияларына қолдау білдіріп, оларға субсидия берді, ҚҚС төлеуден босатты деп отыр.

"Десек те, тұрғын үй бағасы 21 есе өсті. Қазір қарапайым қазақстандық үшін тұрғын үй сатып алу қиын болып отыр, себебі пайыздық мөлшерлемелер өте жоғары. Яғни, үкімет 2001 жылдан бастап құрылысшыларды қолдап, олардың мүдделерін қолдады деуге де болады. Мәселен, мына сандарға қараңыз. 2002 жылы тұрғын үй бойынша жеңілдіктер сомасы 130 миллиард болған. Ал осы кезеңде пәтердің орташа бағасы 23,6 мың теңге болды. 2023 жылы ол 494 мың теңге болды. 21 есеге өсті. Яғни, 23 жыл бойы біз құрылысшыларды қолдап, олардың байып кетуіне жағдай жасадық деген сөз", - деді депутат.

Мәжілісмен кейбір құрылыс компаниялары қосылған құн салығы жеңілдіктерін өз пайдасына пайдаланғанын атап өтті. Айтуынша, кейбірі тіпті Forbes тізіміне еніп, ал енді бірі ақшаны шетелге шығарды, арасында үлескерлерді алдап кеткендер де болған.

Бақытжан Базарбек жаңа Салық кодексінің жобасында келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғын үй бойынша жеңілдіктерді алып тастау жоспарланып отырғанын жеткізді.

"Үкіметтің қолында құрылыс компаниялары бағаны көтермес үшін қандай құралдар бар? Қазір олар бағаны көтеріп жібереді. Салдарынан тағы да мәселе туындайды. Бір жағынан 30 жыл бойы алданған халық. Екіншіден, тұрғын үй ала алмай жүрген адамдар бар", - деп түсіндірді Базарбек.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин тұрғын үй бағасы өсіп жатқанын мойындады.

"Баға өсіп жатыр. Бізде арнайы агенттік баға белгілеуге жауапты. Электрондық шот-фактуралар арқылы барлық тізбекті ашып жатырмыз. Сондықтан біз бағаның күрт өсуін болдырмау үшін бақылауды қамтамасыз ете аламыз деген ойдамын", - деп түйіндеді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу