Құрылыс саласына берілетін несие көлемі 4 пайызға түсті

932

Құрылыс саласына берілетін несие көлемі 4 пайызға түсті

Құрылыс саласына берілетін несие көлемі 4 пайызға түсті. Ал осы күнге дейін берілген несиенің 12 пайызы банктерге әлі қайтпаған. Бұл "Нұрлы жер" бағдарламасына кері әсерін тигізуі мүмкін дейді мамандар. Бірақ банктердің қаржыландыру көлемі азайғанымен құрылысқа келіп жатқан инвестиция көлемі артуда. Мәселен 2016 жылы 2015 жылға қарағанда 17 пайызға көп ақша құйылған. Биылғы жылдың алғашқы 4 айында да инвестиция орта есеппен 20 пайызға өскен.

Негізгі инвесторлар бұл әрине халық. Қаржы министрлігі былтыр ел арасында 4,1 триллион теңгенің заңдастырылғанын айтты. Бұл қаржы құрылыс саласының тоқтамауына септігін тигізіп отыр. Биылғы жылдың 4 айында өсім 11 миллиард теңгеге тең.

"Салынып жатқан үйлердің құрылыс материалдары көп жағдайда шет елден алынып келінеді. Ал девальвация әсерінен олардың бағасы қымбаттаған. Бірақ бұл қымбатшылық шаршы метр бағасына әсер етпейді дейді сарапшылар. Керісінше құрылыстар қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Айта кетейік елімізде алғашқы 4 айда 305 көпқабатты үй қолданысқа беріліп үлгерген", - дейді ҚР Құрылыс саласының ұлттық қауымдастығы президенті Мұхит Әзірбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу