Күзде жалған есеп беріп, көктемде сан соғып қалды

2024

Басқа өңірді қайдам, былтыр Жамбылда шаруалардың күздегі жиған-тергенінің есебін өсіріп көрсетіп, көктемде сәбіздің бағасы қымбаттап кетіп, зардабын тұрғындар көрген.

Күзде жалған есеп беріп, көктемде сан соғып қалды

2021 жылдың сәуір айында облысымыздың дүкендері мен базарларда сәбіздің бір килограмы 800 теңгеге бір-ақ шығып, жамбылдықтар біраз уақыт амалсыз палаудан бас тартқан. Онсыз да басқа да азық-түліктің қымбатшылығынан отбасылық бюджетін ұқсата алмай отырған жұрт бір ғана сәбіз бағасы бір күнде осылай 4-5 есе өскен соң, тарта жеуге көшпегенде, қайтсін?! Кейін мамандар облыстағы көкөніс қоймаларында маусымаралық кезеңге сақталған сәбіздің қоры бір ай бұрын таусылып қалғанын мәлімдеді.

Сәбіз тапшылығы биыл да қайталанатын түрі бар. Себебі қазіргі уақытта қоймаларда оның 5 мың тоннасы ғана сақтаулы тұр. Жалпы орта есеппен алғанда, облыста маусымаралық кезеңде тұрғындарды көкөністен тарықтырмау үшін қоймаларда 37 мың тонна картоп, 7 мың тонна пияз және 6 800 тонна сәбіз сақталуы керек. Қазіргісі бұл көлемнен аз. Көктем шыққанша, бұл қор жете ме, әлде сәбіз тағы қымбаттап кете ме?

Тағы да былтырғы қымбатшылықтың салдарына үңіліп көрейік. Жамбыл облыстық ауылшаруашылығы басқармасының берген мәліметіне жүгінсек, 2020 жылы 258 240 тонна картоп, 625 638 тонна пияз, 107 980 тонна сәбіз жиналған. Былтырғы түсім: картоп – 269 568 тоннаны, ал пияз – 1 255 670 тоннаны, сәбіз 109 700 тоннаны құраған. Есепке сүйенсек, сәбіз 2020 жылы – 3 525, өткен жылы 3 578 гектар алқапқа егілген. Осы екі жылда орта есеппен әр гектардан 306 центнерден өнім алды деген күннің өзінде қоймалардағы өнім жазға дейін жетуі тиіс. Ал мамыр айынан бастап, бақша өнімдері Өзбекстаннан тасымалдана бастайды. Сонда бір айдың есебі неге дұрыс шықпай қалған?

Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы бөлімінің басшысы Шәкір Момынқұлов өңірдегі агроқұрылымдарға негізінен дәнді, бұршақты және техникалық дақылдарды көбірек өсіруге тапсырыс берілетінін, ал сәбізді өз қалауларына қарай егетінін айтады. Сонда 2020 жылы өнім есепте көрсетілгеннен аз жиналып, сәуірдегі сәбіз тапшылығы туындаған ғой. Осылайша күзде жалған есеп беріп, көктемде сан соғып қалған.

Ардақ Үсейінова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу