Қылмыскерлер теңгенің қай купюрасын жиі жасайтыны белгілі болды

925

Қылмыскерлер теңгенің қай купюрасын жиі жасайтыны белгілі болды

Республика бойынша бір жылдың ішінде 33,4 млн теңге болатын жалған ақша анықталды. Оның ішінде ұлттық және шетелдік валюталар бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік кірістер комитетінің профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ерден Жұманың айтуынша, бүгінде қылмыскерлер көп жағдайда ескі номиналдағы 2 000 теңгені жасайды.

"Себебі ол купюраның қорғаныс элементтері ескірген. Ал 5 000, 10 000, 20 000 теңгеліктерді қолдан жасау қиын. Сосын купюраның сомасы үлкен болса, оны жіті тексереді. Бәріміз солай істейміз. Мәселен, дүкенде 10 000 теңгені берсек, сатушылар бірден тексере бастайды. Ал 2 000 теңгені олай тексермейді. Қылмыскерлер осыны жақсы біледі. Содан кейін ұсақ ақшаны жасауға тырысады", - деді Ерден Жұма бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның сөзіне қарағанда, қылмыскерлер, көбінісе, ұлттық валютаны жасайды. Себебі оны таксиде, дүкенде, базарда және тағы басқа жердерде бере салған жеңіл. Ал шетелдік валютаны айырбастау қажет. Ондай ақшаны айырбастау бекеттерінде арнайы құрылғылармен тексереді.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанда жалған ақша жасау бойынша 214 қылмыс тіркелді. Соның ішінде 2 511 дана ұлттық валюта, оның жалпы сомасы 7,4 млн теңгені құрады. Ал шетелдік валютаның 497 жалған купюрасы анықталды. Ол ақшаның сомасы 26 млн теңгеден асты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу