Қырғыз-тәжік шекарасында тағы қақтығыс болды

1091

ҚР ІІМ қызметкеріне шабуыл жасалды. 

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы қақтығыс болды Фото: Егемен Қазақстан

Толығырақ Қырғызстан ҰҚМК ШҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, екі ел азаматтары арасындағы төбелесті тоқтатуға келген ІІМ қызметкерін тәжікстандықтар соққығы жықпақ болған, деп жазады Inbusiness.kz.

Қырғызстан азаматтары, АҚ-Сай ауылының тұрғындары Д.Ж. пен Д. А. Ақ-Сай — Көк-Таш автожолымен жеке автокөлікпен жолға шықты. Осы уақытта Тәжікстан азаматтарына тиесілі және Ворух анклавынан (РТ) Ходжай-Аало ауылына бара жатқан сегіз көліктен тұратын колонна жолда келе жатты.

Тәжікстан азаматтары өз көліктерімен Қырғызстан азаматтарының көлігінің алдын кесіп өтпек болған, деп хабарлайды 24kg.

Соның салдарынан жоғарыда аталған Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары арасында төбелес басталды.

Жанжалды тоқтату мақсатында Қырғызстан ІІМ аумақтық бөлімшесінің қызметкері келді. Алайда ол оқиға орнына жеткенде Тәжікстан азаматтары — Ходжай-Аало ауылының тұрғындары оған шабуыл жасады. Қырғызстан ІІМ қызметкері сол жерден кетіп үлгерді, алайда Тәжікстан азаматтары оны ұрып-соқпақ болған, соңында көлігінің артқы көрінісінің айнасын сындырды.

Баткен учаскесі бойынша Қырғызстан мен Исфарин учаскесі бойынша Тәжікстан шекара өкілдерімен келіссөздер жүргізілуде.

Қырғыз Республикасының күш құрылымдары мен құқық қорғау органдары мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесіндегі жағдайды тұрақтандыру бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Қырғызстан ҰҚМК Шекара қызметі азаматтарды дүрбелеңге түспеуге, барлық ақпаратты мемлекеттік органдардан нақтылауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу