Қырғыз үкіметі отставкаға кетті

1101

Қырғыз үкіметі отставкаға кетті

Қырғызстанның социал-демократиялық партиясының фракциясы  парламенттік коалицияның құрамынан шығатынын мәлім етті. Демек бұл коалиция тарап, ел үкіметі отставкаға кеткендігін білдіреді.  Бұл туралы  BNews.kz хабарлайды.

Социал-демократтардың көшбасшысы Иса Өмірқұлов бұл жағдай Қырғыз Республикасы конституциясына кезекті түзетулер енгізуді ұсыну кезінде орын алды деп отыр.  Айтуынша, басты себеп – оның фракциясы және "Ата мекен", "Онугуу-Прогресс" партиялары мүшелерінің өзара түсініспеуі.

Айта кетейік, ел парламентінде конституциялық референдум өткізу туралы заң жобасы екінші оқылымында мақұлданды.

"Коалицияда қайшылық баяғыда пайда болған. Мұны барлығы біледі және бірнеше рет айтылды. Бірақ, біз коалицияны сақтап қалуға тырыстық. Дегенмен, өзге партия фракцияларының әрекеттері көптеген мәселені ушықтырды. Енді ҚСДП фракциясы ымыраға келмейді. Ұлттық құндылықтарға қарсы шығатындармен бір коалицияда болғымыз келмейді", – деп хабарлады социал-демократтардың хатшылығындағылар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу