Жеделхатта Садыр Жапаров Каспий әскери оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза болуын терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қазақстандықтарға қайғыра көңіл қосын білдірді.
– Каспий теңізіндегі әскери жаттығулар кезінде болған қайғылы оқиға салдарынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қаза тапқаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым.
Қырғыз Республикасы халқының және жеке өз атымнан қайғыларыңызға ортақтасып, Сізге, сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін, – делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.
Жаза кету керек, бұған дейін Ресей президенті мен Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанға көңіл қосын білдірді.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев та әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты.