Қырғызстан президенті мемлекеттік шекараны тез арада рәсімдеу қажеттігін айтты

1144

Қырғызстанның Қазақстан және Қытаймен мемлекеттік шекарасы толық белгіленген. 

Қырғызстан президенті мемлекеттік шекараны тез арада рәсімдеу қажеттігін айтты

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков "Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің 75 жылдығы" форумында Қырғызстан көрші елдермен мемлекеттік шекарасын рәсімдеуді жеделдетеді, деп мәлімдеді.

"Шекарамыздағы құқықтық процедуралардың толық аяқталмауы – өте өзекті және өткір мәселе. Біз көрші мемлекеттермен шекараны нақтылау және заңдастыру процесін жеделдетуге тырысамыз", – деді Жээнбеков.

Шекаралардағы тұрақтылықты сақтау "көрші елдер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге қолайлы жағдай туғызады" деп атап өтті Жээнбеков.

"Бұл біздің экономикалық және экологиялық әлеуетімізді кеңінен пайдалануға және ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады",– деп толықтырды сөзін Жээнбеков.

Шекараның белгіленбеген учаскелерінде жергілікті тұрғындар арасында оқтын-оқтын жанжалдар туындауда. Соңғы қару қолдану оқиғасы 16 қыркүйекте Қырғызстанның оңтүстігіндегі Баткен облысындағы Мақсат ауылы маңында орын алып, нәтижесінде қырғыз шекарашысы қаза тапты. Душанбе мәліметі бойынша, оқиға кезінде үш тәжік әскері опат болған. Қырғыз тарапынан 13 адам, тәжік тарапынан бірнеше адам жарақат алған. Қырғызстан мен Тәжікстан осы оқиғаға қатысты наразылық ноталарымен алмасты.

Қырғызстан мен Өзбекстан 2017 жылы мемлекеттік шекара сызығының 85 %-ын делимитациялау туралы келісімге қол қойды, алайда шамамен 300 км әлі белгіленбеген. Жалпы қырғыз-өзбек шекарасының ұзындығы 1 мың 378 км құрайды.

Қырғызстанның Қазақстан және Қытаймен мемлекеттік шекарасы толық белгіленген.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу