Қырғызстан: үміткерлер үгіт-насиқат жұмысына 122 млн сом жұмсаған

873

Ең көп қаржы жұмсаған – Садыр Жапаров.

Қырғызстан: үміткерлер үгіт-насиқат жұмысына 122 млн сом жұмсаған

Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссия Қырғызстан Республикасының президенттігіне үміткерлердің сайлау қорынан қанша қаражат жұмсалғаны және түскені туралы ақпарат жариялады.

9 қаңтардағы соңғы мәлімет бойынша 17 үміккердің сайлау қорына 124 миллион 772 мың сом түсіп, оның 122 миллион 949 мың сомы жұмсалған.

Үгіт-насихатқа ең көп қаражат бөлген – Садыр Жапаров (67 млн 184 мың сом). Бабыржан Төлбаев 12 млн 529 мың сом, Әбділ Сегізбаев 5 млн сом, Имамидин Ташов 4 млн 89 мың сом, Мықтыбек Арыстанбек-1 млн 115 мың сом, қалған кандидаттар 1-4 млн сомдай бөлген. 

10 қаңтар – Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы мен референдум өткізілетін күн. Жергілікті уақыт бойынша сағат 8.00-де сайлау учаскелері ашылды. Ел аумағында жалпы 2 мың 474 учаске бар, оның 48-і басқа елдерде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу