Қырғызстанда сел салдарынан мерт болғандар саны 9 адамға жетті

240

Селдің салдарынан құрбан болғандарды іздестіруге 373 адам жұмылдырылған.

Қырғызстанда сел салдарынан мерт болғандар саны 9 адамға жетті Фото: Kabar

Қырғызстанның Ош облысындағы Ноокат ауданында жүрген селдің салдарынан мерт болғандар саны 9 адамға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты осы елдің Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Абшир-Ата ауылында кішкентай баланың денесі табылып, милицияға тапсырылды. Қазіргі таңда баланың кім екені анықталып жатыр.

Селдің салдарынан құрбан болғандарды іздестіруге 373 адам жұмылдырылған.

Осыған дейін Қырғызстанда жойқын сел тасқынынан қазақстандық балалардың құрбан болғанын жаздық.

Сондай-ақ Ош облысының Ноокат ауданында сел салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы екеуі із-түзсіз жоғалғаны хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу