Қырғызстанда вагнердің қатарында соғысқан азамат бес жылға сотталды

277

27 жастағы жігіт Ресей түрмесінде жазасын өтеп жүрген.

Қырғызстанда вагнердің қатарында соғысқан азамат бес жылға сотталды Фото: turkystan.kz

Қырғызстан азаматы Украина аумағында ресейлік күштер жағында соғыс қимылдарына қатысқаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Үкімді Нарын облыстық соты шығарды.

Қырғызстандық өткен жылдың тамыз айында отанына оралған соң ұсталып, оған шетел мемлекетінің аумағында соғыс қимылдарына қатысты деген айып тағылған.

27 жастағы жігіт Ресей түрмесінде жазасын өтеп жүргенде Вагнер ПМК-ға келген. Оның отбасының айтуынша, ер адам Ресей түрмесіндегі нашар жағдайға шағымданып, "шаршағандықтан" келісімшартқа отырған.

Бұл Қырғызстанда Вагнер қатарында соғысқандарға қарсы қозғалған екінші қылмыстық іс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу