Қырғызстандықтардың қазасына себеп болған дәрі жеке фирмаға тиесілі

1160

Қырғызстандықтардың қазасына себеп болған дәрі жеке фирмаға тиесілі

Қазақстандық дәрі-дәрмекті пайдаланып қайтыс болған Қырғызстан азаматтарының қазасына қатысты еліміздің Денсаулық сақтау министрі түсіндірме жасады, деп хабарлайды 24.kz.

Еске салайық, Қырғызстанның Бас прокуратурасы елдің Ұлттық физиатрия орталығында науқастардың өліміне себеп болған туберкулезге қарсы қазақстандық дәріні заңсыз клиникалық сынақтан өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.  

Тамара Дүйсенованың айтуынша, дәрі енді ғана жасалып, клиникалық зерттеуден өткізіліп жатыр. Министр дәріні өндіруші жеке фирма екенін және аталған дерек бойынша осы кәсіпорынның өзі жауап беретінін айтты. Сондай-ақ Тамара Дүйсенова дәрі-дәрмек туралы бұл ақпаратты Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қарауға алатындығын мәлімдеді.

"Препаратты жалпы азаматтарға беру үшін бірнеше жылдар бойы лабораториялық-клиникалық зерттеулер жүргізіледі. Ал клиникалық зерттеу жүргізілген кезде сол дәріні шығаратын мекеме мен дәріні клиникалық зерттеу өткізетін мекемелер ортасында келісім шарт болады. Біз бүгінгі таңда барлық жасалып жатқан препараттарға жауап бермейміз, бірақ біз ол дәрі-дәрмекті өз мемлекетімізге алар болсақ, оның клиникалық зерттеу өтілді ме, дәлелдеу базасы бар ма, соны тексеріп барып аламыз", – деді  ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.Тамара Дүйсенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу