Шекерашылар Жамбыл облысында екі көлікті Қырғызстанға контрабандалық жолмен өткізу әрекетінің алдын алды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
"Айша бибі" бақылау-өткізу пунктінде жүк көлігі тексерілді, жүк арасынан ілеспе құжаты жоқ Daewoo және Hyundai маркалы екі жеңіл автокөлік табылды", - делінген хабарламада.
Ұсталған көліктер Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеулер департаментіне тапсырылды.
"Жүк арасына көлік жасыру оқиғасы бақылау-өткізу бекетіндегі бір айда екінші рет қайталанып тұр", - делінген ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу