Қытай экологиялық таза отынды пайдаланатын ірі зымыран-тасығыш ұшырды

1524

Қытай экологиялық таза отынды пайдаланатын ірі зымыран-тасығыш ұшырды

Қытайда алғаш рет замануи "Ұлы жорық-5" ("Чанчжэн-5") ірі зымыран-тасығыш ұшырылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХА Лента.ру-ға сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, зымыран 2016 жылдың қыркүйек айында Хайнань провинциясындағы Вэнчан айлағына жеткізілген. Оны құрастыруға 200-ден астам жаңа технология қолданылыпты.

ҚХР ғылым, технологиялар және өнеркәсіп Мемлекеттік әкімшілігі (SASTIND) зымыран-тасығыштың экологиялық таза отынмен жүретінін және жоғары тұрақты басқару жүйесіне ие екенін хабарлады. Қытай аэроғарыш ғылымы және техникасы корпорациясының (CASC) қызметкері Чжао Чанцзяннің айтуынша, отын ретінде сұйық сутегі және сұйық оттегі қолданылған.

"Егер ұшыру сәтті жүзеге асса, Қытай экологиялық таза зымырандар дәуіріне енеді", – деді ол. "Ұлы жорық-5" жаңа замандағы Қытайдың ең күшті зымыран-тасығышы болып саналады. 2020 жылы ғалымдар зымыран көмегімен Жер және Марстың өтпелі орбитасына зонд шығаруды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу