Қытай еуропалық нарыққа қауіп төндіріп отыр

1656

Соңғы уақытта Еуропаның Қытаймен сауда дефициті едәуір өсіп кетті. Бірақ АҚШ-пен сауда профициті Еуроодақ экономикасының құлдырауына жол бермейді, дейді аналитиктер.

Қытай еуропалық нарыққа қауіп төндіріп отыр

 Дегенмен Қытаймен сауда дефицитінің артуы келешекте ЕО-ты қиын жағдайға душар етуі мүмкін. 

Reuters агенттігінің дерегі бойынша, Еуропалық одақтың Құрама Штаттармен сауда балансы мен оның Қытаймен сауда дефициті арасындағы оң сальдосы 2019 жылдың алғашқы жеті айында өсіп кеткен. Eurostat мәліметіне сүйенсек, одақтың АҚШ-пен оң сальдосы осы уақыт аралығында 100,8 млрд долларға жетіпті. 2018 жылы бұл сома 88,6 млрд долларды құраған болатын. Ал ЕО-ның Қытаймен сауда дефициті 120,9 млрд доллар болды. Бұған қазіргі АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресі әсер еткен. 

Мәселе ЕО тауарларының басым бөлігі Қытайдыкімен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз болуында. Егер қытайлық импортқа шектеу қойылмаса, алдағы жылдары одақ нарығын қытайлық тауарлар басып алуы мүмкін. Еуропа Қытайға шикізаттық тауарларды сатпағандықтан, арадағы сауданы теңдестіруге қауқары жетпейді. 

Бұған тағы бір себеп бар. Инновация және технология салаларында қытайлықтар еуропалықтарды артта қалдырған. Сондай-ақ компанияларды қадағалау үрдістерінің тым қатаң болуы да осы факторлардың бірі саналады. 

Арзан өндіріске келгенде, Қытай мен өзге де Азия елдері еуропалықтардан басым түсіп отыр. Осы орайда Брюссель мен Вашингтон еркін сауда алаңында Бейжің қитұрқы әрекеттерге барып отыр деп айыптауда. 

Бұл ЕО-ның бәсекеге қабілеттілігін жоғалтып жатқандығының айқын дәлелі. Жақында ғана еуропалық автокөлік өндірушілері  туралы жарияланған мақалада олар дағдарысқа ұшырауы мүмкін деп жазылған болатын. Бұған ЕО-ның реттеуші органдарының көлік өндіруші компанияларды ауаға шығарылатын улы заттарды қысқартуға міндеттеуі түрткі болуы мүмкін. Өйткені оның салдарынан электр көліктері көптеп шығарыла бастайды. Бірақ халықтың мұндай көлік түрін сатып ала бастайтынына ешқандай кепілдік жоқ. Өйткені олардың бағасы қарапайым көліктердікіне қарағанда әлдеқайда қымбат. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу