Қытай павильонында Хэнань аймағы күнінің салтанатты ашылуы өтті

885

Қытай павильонында Хэнань аймағы күнінің салтанатты ашылуы өтті

Бүгін EXPO-2017 аумағында Қытай павильонында Хэнань аймағы күнінің салтанатты ашылуы өтті.  

Рәсімді бұл өңірдің вице-губернаторы Шу Цинь ашты. Сөз басында вице-губернатор екі ел арасындағы қарым-қатынас деңгейіне жоғары баға бере отыра, "Қазақстан мен Хэнань өңірінде өзара-тиімді ынтымақтастықты дамытуда үлкен перспективалар бар" екендігіне сенім білдірді. 

Еске салсақ, Хэнань – адам саны жағынан Қытайдың ең үлкен аймағы және экономикалық мықты аймақтарының Топ-5-гіне кіреді. Сондай-ақ, экономика құрылымының мұрындығы ауыл шаруашылығы деп саналады. Бұл өңірдің Қытай тарихында да ерекше орны бар, Хэнаньді ежелгі Қытай мәдениетінің діңгегі деп те атайды.    

Вице-губернатор бастаған Хэнань қытайлық делегация құрамында үкімет мүшелері мен өңір экономикасының алуан-түрлі саласының бизнесмендері келді: ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсібі, агрохимия, баламалы энергетика, машина жасау, биотехнология, табиғи медицина, туризм, транспорттық инфраструктура және басқалар.

EXPO-2017 территориясындағы Хэнань өңірінің салтанатты ашылу рәсімі бөлімінен кейін негізгі іс-шаралар Talan Towers кешенінің мұнараларының біріне көшті.

Атап айтқанда, "The Ritz-Carlton" отелінде "Қазақстан мен Қытай (Хэнань) сауда-экономикалық ынтымақтастығы" тақырыбында бизнес форум өтті.  

Шаралардың ұйымдастырушылары ретінде ҚХР Хэнань өңірінің  үкіметі, Қытайдың Халықаралық саудаға жәрдемдесу бойынша комитеті, Қазақстандық Инвестициялық Ынтымақтастық агенттігі болды. Сонымен бірге шараға ҚР ауыл шаруышылығы министрлігі толықтай қолдау көрсетті.

Форумның лейтмотивін ұйымдастырушылар "Ынтымақтастық пен бірлескен өркендеудің жібек жолы" деп белгіледі.

Өз кезегінде Ауыл шаруашылының вице-министрі Гүлмира Исаева, Ауыл шаруашылығы министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асырудағы Ауыл шаруашылығы кешеніне шетелдік инвестицияларды тарту, ауылшаруашылық өнімінің экспорты екендігін айтты.  

Форумның негізгі тақырыптары ретінде инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары, бірлескен кәсіпорындарды құру, Қазақстаннан Қытайға, Қытайдан Қазақстанға тауарларды тасымалдау болды. Атап айтқанда,  Қазақстан мен Қытай бірқатар кәсіпорындары ауыл шаруашылығы, өндіріс, туризм салаларындағы меморандумдар мен келісімдерге қол қойды.

Одан басқа, бизнес форумның қатысушылары ретінде Қазақстан аймақтары басшылыраның өкілдері (Костанай, Павлодар, Ақмола және т.б. облыстар), "Атамекен" КҰП президиум мүшелері, Қазақстанның ірі кәсіпорындарының бірінші басшылары, сарапшылар және басқалар болды.

Жалпы, форум қазақстандық-қытайлық экономикалық және инвестициялық ынтымақтастының өзекті сұрақтарын екі елдің 300-тен аса іскерлік адамдарын жинаған эффективті алаңға айналды.

Іс-шараға қатысушылардың пікірінше форум екі елдердің аймақтар деңгейінде де өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға деген үлкен ынта мен ашықтықтың дәлелі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу