Қытайларға "Павлодар" арнайы экономикалық аумағынан түрлі жеңілдіктер ұсынылды

679

Қытайларға "Павлодар" арнайы экономикалық аумағынан түрлі жеңілдіктер ұсынылды

Шаньси провинциясының бизнесмендерімен кездесу барысында павлодарлық тарап шаньсимен салыстырғанда алты есеге арзан электр энергиясы мен "Павлодар" арнайы экономикалық аумағында түрлі жеңілдіктер ұсынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Еске сала кетейік, Павлодар облысының делегациясы облыс әкімі Болат Бақауовтың бастамасымен Қытай Халық Республикасында іс-сапармен жүр. Шаньси провинциясында "business-to-business" форматындағы кездесуге жергілікті кісіпорын мен қаржы органдарының шамамен 30 өкілі қатысты. Провинцияның реформа және даму комитеті басшысының орынбасары Чен Цзэенің айтуынша, Шаньси көмір өндіру, электр энергиясын өңдеу, кокстау, тау-кен жабдықтары мен көмір-химия өндірісінде кешенді және біріктіріліген даму үшін көп күш салуда. Ол алдыңғы қатардағы машина салу, қазіргі заманғы көмір-химия, жаңа материалдар өнеркәсібі мен арнайы азық-түлік өндірісі қарқынды дамуда екенін атап өтті. Алдыңғы қатарлы жабдықты жүзеге асыру нәтижесінде түскен кіріс - 141,8 миллиард юань. Шаньси кәсіпорындарының кірісіне келетін болсақ, кәсіпорынның негізгі қызметі шамамен 1,8 триллион юаньды, ал кірістен түскен салықтар 177 миллиард юаньды құрайды.

"Біздің облыс сіздер сияқты көмір өндірумен және химия өнімдерін шығарумен айналысады, - деді Чен Цзэе. – Менің ойымша, біздің провинция мен сіздің облыс арасында ынтымақтастық үшін әлеует бар".

Өз кезегінде Павлодар облысының әкімі Павлодар мен Шаньси мұнай-химия, көмір-химия және логистика салаларында жұмыс істей алатынын атап өтті.
"Екі өңір де өз мемлекеттерінде көмір өндіруден көшбасшы болып есептеледі, - деді Болат Бақауов. – Дегенмен статистика көрсеткендей, соңғы бес жылда тұтыну көлемі 10 пайызға түсіп қалған. Сондықтан бүгінгі таңда көмірді тереңнен өңдеу мәселесі тұр. Сіздер бұл салада белгілі бір тәжірибеге қол жеткіздіңіздер. Шаньси провинициясы көмірді газға және әрі қарай сұйық отынға өңдеу технологияларын сәтті қолданатыны белгілі. Біз үшін сіздердің компанияларыңыздың тәжірибесі өте маңызды. Бұдан кейін "Kazakh Invest" компаниясының өңірлік директоры Олжас Рыскелді инвестициялық тартымдылық пен Павлодар облысының экспорттық әлеуеті туралы айтып берді. Кездесу барысында өңірдің мүмкіндіктері туралы бейнефильм көрсетілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу