Қытайлық маркетплейстер әлем елдеріндегі шағын және орта бизнеске соққы беріп жатыр

197

Temu және Pinduoduo Қазақстанда тіркелмеген, ал Wildberries бен Ozon-ның елімізде өкілдіктері бар. 

Қытайлық маркетплейстер әлем елдеріндегі шағын және орта бизнеске соққы беріп жатыр Фото: gr-customscom.ru

Ресурстың жазуынша, маркетплейстің тіркеуі болмаған жағдайда ол ел бюджетіне ешқандай аударымдар жасамайды. Бұл өз кезегінде кедендік немесе басқа да баждар, салықтарға қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Екіншіден, компанияда жергілікті тіркеу болмаған кезде тұтынушылардың құқығы қорғалмайды. Себебі олар талап қоя алмайды.

Cube аналитикалық компаниясының тең құрылтайшысы Саймон Торрингтің сөзінше, Қытайда өндірілген арзан өнімдердің ағыны жергілікті саудагерлер мен өндірушілерге теріс ықпал етеді. Олар жылдамдық және баға бойынша маркетплейстермен бәсекеге түсе алмайды.

Reuters агенттігінің дерегінше, соңғы қаржы жылында барлық салада 2 мыңға жуық Таиланд фабрикасы жабылды. Салдарынан 50 мыңнан астам адам жұмыссыз қалды. Бұл ішінара Қытайдың бәсекелестігінің артуына және шығындардың өсуіне байланысты.

Temu-дің қытайлық баламасы Pinduoduo 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жаһандық платформа АҚШ-та 2022 жылы іске қосылды және келесі жылы еуропалық нарықтарға шықты. Temu 2023 жылы Филиппин мен Малайзиядан бастап, биыл Таиланд, Бруней және Вьетнамға дейінгі Оңтүстік-Шығыс Азиядағы үлесін кеңейтіп жатыр.

Индонезия 2023 жылы салықтарды көтеру және әлеуметтік медиа платформаларында электрондық коммерцияға тыйым салу арқылы ең қатал ұстаным бойынша жұмыс істеді.

Finprom.kz ресурсы қытайлық маркетплейстердің Қазақстанға төндіретін қауіп-қатеріне қатысты талдау жасады. Біріншіден, сауда ел экономикасында ерекше орын алады. Екіншіден, сауда саласы да жұмыспен қамту деңгейі бойынша көш бастап тұр. Үшіншіден, Қазақстанның ең басты міндеттерінің бірі шикізат экономикасынан өңдеу өнеркәсібіне бағытталу жатады. Бұдан басқа бақыланбайтын шетелдік маркетплейс сапасыз және контрафактілі өнім тұрғысынан барынша жоғары тәуекелдерге ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу