Қызылорда облысында шыны зауыты салынып жатыр

1198

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша  отқа төзімді кірпіш өндірісі іске қосылады.

Қызылорда облысында шыны зауыты салынып жатыр Фото: ortcom.kz

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев табақты шыныға деген сұранысты қанағаттандыру үшін құны 32 млрд теңгені құрайтын жоба қолға алынғанын жариялады. 

"Қызылорда облысында шыны зауыты салынып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласында құны 13 млрд теңгені құрайтын полиэтиленді құбыр өндірісі іске қосылды", – деді ол.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрінің мәлімдеуінше, болашақта еліміздегі керамика өндірісінің көлемі 26 млрд, ал арматура өндірісінің көлемі 40 млрд теңгеге ұлғаяды. Бұл бағытта "Зерде керамика Ақтөбе" ЖШС мен "Арматурный Таразский завод" ЖШС жұмыс істеп жатыр. 

"Қосымша ірі құрылыс компанияларымен және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-мен бірлесіп "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында 100% импорт алмастыратын отқа төзімді кірпіш, жабын материалдары, санфаянс және лак-бояу бұйымдары өндірісі жобаларын іске қосу мәселесі пысықталып жатыр", – деді Қайырбек Өскенбаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу