Қызылордалық ғалымдар қауынның шетелдік сорттарын сынақтан өткізіп жатыр

Егістік алқабында 10-нан аса қауын түрі егілген.

Қызылордалық ғалымдар қауынның шетелдік сорттарын сынақтан өткізіп жатыр Фото: Ашық дереккөзден

Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары түрлі тұқымдарды тәжірибеден өткізуде. Институтқа қарасты егістік алқабында 10-нан аса қауын түрі егілген.

Сынақтан өткізіліп жатқан қауын сорттарының ішінде шетелдік те, жергілікті де түрі б. Олардың кейбірі 15 келіні жай тартады, деп хабарл Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына райды inbusiness.kz тілшісі.

Қауын салмағының шамадан тыс артуы жердің құнарлы, күтімнің ерекше екенін аңғартады. Десе де, бұл – диқандарға қауіпті фактор. Себебі, қазан болып піскен өнім сақтауға жарамайды. Ғалымдар мен диқандар израилдік раймонд, голландиялық данперра сорттары жерсініп, жақсы өнім беріп жатқанын айтады.

- Біздің еккен өнімнің бірі – Қызылорданың жергілікті әміресі. Мұны шытырлақ деп те атайды. Қызылорданың халқы бұл қауында қатты жақсы көреді. Дәмі тіл үйіреді. Біз қауынды 20 мамыр күні ектік, қауындардың алды 10-15 келіге дейін өнім берді. Бірақ, кейінгілері майдаланды. Бірақ, бұл – қалыпты жағдай. Бір жаманы, әміре ұзаққа шыдамайды, яғни сақтауға келмейді, - дейді диқан Хасен Кененбаев.

Егістік алқабындағы 1 гектар қауынның 95 пайызы – әміре, қалғаны – сынақтан өтіп жатқан сорттар. Сондай-ақ, 3 гектардан астам жерге қияр мен қызанақ егілген.

Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына тиесілі алқапта сортты сұрыптау мен таңдауда ғалымдардың кеңесі өте маңызды. Алдағы уақытта сынақтан өткен тұқымдар жергілікті шаруаларға ұсынылмақ.

- Біздің басты мақсатымыз – ішкі сұранысқа ие қауын сорттарын дайындау. Осы күні біз жергілікті өнім – әміремен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл қауынның ұзындығы 40-50 сантиметрге дейін, салмағы 10-15 келіге дейін жетеді. Мұнан бөлек, қара күләбі, калайсан, саржау, сондай-ақ голландиялық қауыны бар, қарбызы бар бірнеше буданмен, израилдік тұқымдармен жұмыс істеп жатырмыз. Тәжірибе барысында шетелдік гибридтер өзін жақсы көрсетіп жатыр. Яғни, сақталуы жақсы, дәмі тәтті, өнімділігі де жоғары. Алдағы уақытта біз шаруаларға осы сынақтан өткен тұқымдарды ұсынатын боламыз, - дейді Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ-дің директоры Самалбек Қосанов.

Сынақтың басты мақсаты – жергілікті топырақ пен климатқа төзімді сортты анықтау, дақылдарын егетін шаруаларға ортақ алаң құру. 

Алдағы уақытта диқандарға бұрынғыдай кез келген қауын түрін егіп, одан мол өнім аламын деу бос әурешілік секілді. Себебі, қазір қандай өнімді болмасын алдын ала зерттеп, ғылыми көзқараспен қарау қажеттілігі туындап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу