Лауазымды тұлғалар мемлекетке тиесілі 1 млрд 100 млн теңгені жымқырған. Шығыс Қазақстан облыстық Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі биылғы 6 айда атқарған жұмыстарын қорытындылап, осындай ақпарды жариялады, деп хабарлайды Atameken Business.
Жалпы аймақта 109 заңбұзушылық тіркелген. Соның 61-інде шенеуніктердің тікелей қатысы болғандығы дәлелденді. Басым бөлігі пара алу мен бюджет қаржысын талан-таражға салу фактісі. Мониторингке қарағанда – білім, мәдениет және спорт, ауыл шаруашылығы, құқық қорғау жүйесінде жасалған қылмыстар қатары өте көп. Салдарынан аймақтағы жемқорлық көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда арта түскен.