Бүгін дәрігерлер баланың жарақат тігістерін алуды бастаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Елордада тұрғын үй лифтісінде шабуылға ұшырап, бетінен жарақат алған баланың денсаулығы жақсарып келеді.
Мұны №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Юсуп Гусейнов айтты.
– Бүгін тігістердің басым бөлігі алынды. Баланың жағдайы – қанағаттанарлық, өзін белсенді ұстауда. Қашан үйге шығаратыны белгісіз. Бәрі тексерістен кейін анықталады, – деп түсіндірді ол.
Еске салайық, осыған дейін 5 жастағы баланың анасы оқиға болған күнгі жағдайды айтып берген еді.
Ал оның алдында психикалық есепте тұрған жасөспірімнің басқа тағы да бір қызды аңдығаны хабарланған болатын.