Лифтте 5 жастағы баланың бетін тілгілеп тастаған жасөспірімнің қазір қайда екені белгілі болды

Ол қазіргі уақытта күшейтілген режимде бақылауға алынған. 

Лифтте 5 жастағы баланың бетін тілгілеп тастаған жасөспірімнің қазір қайда екені белгілі болды Фото: Бейнежазбадан

Бұл туралы Қазақстандағы балалар омбудсмені Динара Зәкиева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Психикалық есепте тұрған елордалық жасөспірімнің лифті ішінде 5 жастағы баланы пышақтағаны қоғамды дүр сілкіндірген еді. Арам ойын жүзеге асырған жасөспірімнің басқа да қызды аңдығаны бейнежазбаға таспаланып қалған болатын. 

Қазақстандағы балалар омбудсмені Динара Зәкиева қазір оның қайда екені туралы мәліметті жариялады. 

– Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2025 жылғы 12 ақпандағы қаулысына сәйкес, 2010 жылы туған жасөспірімді тергеу шаралары кезінде денсаулық сақтау жүйесінің мекемесіне, яғни психиатриялық стационарға орналастыру түріндегі қауіпсіздік шарасы қолданылды. Пациентті бақылаудың күшейтілген режимі белгіленді, – деді ол. 

Бұған дейін 5 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасаған баланың анасы  оқиғаның мән-жайын айтып берді. 

Оның алдында психикалық есепте тұрған жасөспірімнің басқа тағы да бір қызды аңдығаны хабарланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу