Лондонда "Астана" халықаралық қаржы орталығы таныстырылды

1498

Лондонда "Астана" халықаралық қаржы орталығы таныстырылды

Лондонда "Астана" халықаралық қаржы орталығының "Инвестор күні" өтті. Шараны Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігі, Лондон қаласындағы "TheCityUK" корпорациясы және Англия мен Уэльс бухгалтерлер алқасының институты ұйымдастырды. Бұл туралы Қазақстанның дипломатиялық өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Форумға ірі британиялық және халықаралық инвестициялық және қаржылық компаниялардың басшылары, үкіметтік құрылымдардың және бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, сонымен қатар британиялық масс-медиа қатысты.

"Инвестор күні" аясында британиялық және халықаралық бизнес орта өкілдері алдында Біріккен Корольдіктегі Қазақстан Елшісі Е. Қазыханов, Еуразия елдері бойынша TheCityUK басшысы  Стив Борн, Англия мен Уэльс бухгалтерлер алқасының институтының атқарушы директоры  Роберт Ходкинсон мен "Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы Қ. Келімбетов сөз сөйледі.

Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Біріккен Корольдіктегі Қазақстан Елшісі Е. Қазыханов  "Астана" халықаралық қаржы орталығы қазақстандық компанияларға әлемдік нарыққа шығуына, ал шетел компанияларына Қазақстан, сондай-ақ аймақ нарығына қол жеткізуге жағдай жасайтынын атап өтті.

Қ. Келімбетов британиялық және халықаралық компанияларды қазақстандық кәсіпорындарды жекешелендіруге қатысуға шақырды. 

ҚазАқпарат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу