"Мұсайбековті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызмектерлері ұстады. Ол қазір Алматыда тергеу амалдарына қатысып жатыр", - деді дүйсенбі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкері.
ҚазТАГ ХАА редакциясы ақпарат алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жүгінді.
Мұсайбеков 2020 жылдың мамырынан бастап мәдениет және спорт министрлігі басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді. Оған дейін 2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы болған, ал оған дейін – 2015 жылдың ақпанынан бастап 2019 жылдың қаңтарына дейін қазіргідей мәдениет және спорт вице-министрі болған.